Сағынып жүрмін.. Сағынып жүрмін, сағынбайсың - ау сен бірақ. Арманым әттең алыстадың ау тым жырақ. Сағынып жүрмін, сағынып жүрмін, мен сені. Тағдырым налып, сезімім жылап тұнжырап. Сағынып жүрмін, өзіңді жаным тым қатты. Өкпелі өмір, өкінішімен тіл қатты.. Жазғырып жатыр жүрегімді жалғандар. Бұтаққа байлап бармақтай берген бір бақты. Сағынып жүрмін, сағындым сені тым қатты. Зарлы үміт білем зарлы үнін тағы тыңдатты. Белгісіз жаным, кім суйіп жүр бұл күнде. Мен сүйген шырын ерніңді сенің тым тәтті. Сағынып жүрмін, сағынам сені мәңгілік. Сағынышымды осылай жазам ән қылып. Алауы сөніп, өшерме екен білмеймін. Қаларма екен, үзіліп тәтті мәңгі үміт. Сағынып жүрмін, сағынып жүрмін, сағындым. Қаламап едім боларын балдай бағым мұң. Сағына берем, сағына берем мен сені. Жеткізбесін білсемде сол бір сағым күн. Сағынып жүрмін, сағынышым бұл мәнгіде- Тағдырдай бітпес таусылмас бір әнгіме. Сағынып сені жүргенде жаным ЖАЛҒЫЗЫМ. Сағындырып кеттің ғой мені мәңгіге... * * * ( БОЛСА СУЫҚ СЕЗІМІҢ ЖЫЛЫТАЙЫН. ЖҮРЕКТІ ҚАЛАЙ СЕНЕН СУЫТАЙЫН. ШЫНАЙЫ БОЛСА СЕЗІМІМ САҒАН ДЕГЕН. АЙТШЫ ЖАНЫМ ҚАЛАЙ МЕН ҰМЫТАЙЫН...

Теги других блогов: любовь поэзия тоска