Қызғанып ішінен әр елі: - Қазақтың гүлдері әдемі! Алматы қыздары - Қызғалдақ, Шетінен сүйкімді, жан - деді. - Күлкісі бұлақтың - әуені, Қыздары Лалагүл, әуелі. Астана аруға толғандай, Әр нәзік жандары, дәлелі... - Ақтаудың қыздары арман-ай, Күлтесін жаңадан жарғандай. Раушанға теңесем болады, .. Жүрегім қасында қалғандай.. - Өсірген бағбаны әлпештей, Шымкенттің қыздары Нәркестей. Жаныңнан алысқа кетсе де, Жұпары тұрады, бар кездей. - Жып-жылы, жүрегі, өзегі, Суыққа, ызғарға төзеді. Петропавл қыздары - Лаванда, .. Бағасын өздері сезеді. - Қазаққа біткендей бақыт бұл, Оралдың қыздары - Бақытгүл. Күлкісі, құшағы - емдейді, Жаныңа араймен, шашып нұр. - Мінезі жайдарлы, шырайлы, Әр кезде жылулық сұрайды. Семейде - Інжугүл гүлдері, Оларға күн көзі ұнайды. - Қазақтың жерінде жатыр-ау, Әйгілі, ең қымбат Атырау. Қыздары табылмас - Сакура, Қыздары ер жүрек, батыр-ау.. - Қалайша қояйын қозғамай, Бақытты, бақытты Қостанай. Қыздары Пиондай, сұп-сұлу, Жап-жарық жүзіне құштар - Ай. - Әлемге тамсанып қарап бір, Жүргенде жарығы тарап тұр. Әркім де, көруді аңсайтын, Өскемен қыздары - Қалампыр! - Жиналған сұлулық анасын, Ол гүлдер әсем ғой, қарашы. Балашы Фиалка гүлдерге, Толтырған Ақтөбе қаласын.. - Байқасаң көңіл де қыймайды, Себебі, барлығын сыйлайды. Қызылорда, Сүмбігүл қыздары, Ешқашан, ренжіте қоймайды. - Жұпары сезімге таматын, Жаулап-ақ өзімен алатын. Павладар қыздары - Ландыштай, Мәңгілік есіңде қалатын. - Бағалар үнемі жан-жағын, Адалдық, достыққа жап-жақын. Қарағанды - Сарыгүл отаны, Білетін, махаббат заңдарын. - Көздерін түймеден таққандай, Тараздың қыздары ақ маңдай.. Әдемі, әдемі - Бәйшешек.. Қар кетіп, жаңадан шыққандай. - Жеткізе алмаспын сөзбенен, Тым биік арманды көздеген. Көкшетау қыздары - Эдельвейс, Ерекше символы өзгеден. - Сұлулағын көтеріп күн берген, Көктемде гүлдерін жіберген. Талдықорған қыздары - Бақбақтай, Ең алғаш көрініп үлгерен.. - Жел келіп сүйсіне тербеген, Арларын ешкімге бермеген. Қазақтың гүлдері осындай! Сұрасаң, білмеген, көрмеген.. Әдепсіз қылыққа бармайтын, Тағдырын еліне арнайтын. Қазақтың қыздары әдемі! Қазақтың жігітін, таңдайтын!

Теги других блогов: Қазақтың гүлдері Қыздар әлем